Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табысталды

13.12.2021

Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент Жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, спортшылар, еңбек ардагерлері бар.

«Отан», «Еңбек Даңқы», «Барыс» және «Достық» ордендері өз иелерін тапты. «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 28 көрнекті өкіліне берілді. Белгілі өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Парасат» орденіне лайық деп танылды.

Қазақстан Республикасының «Құрмет» грамотасымен 553 адам марапатталды. Әскери, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс салаларының қызметкерлеріне І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендері, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары табысталды.


мемлекеттік награда

Хабарламаларға жазылу