Астанада «Қызғалдақ балы» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қызғалдақ балы» өтеді

14.03.2014
Астанада «Қызғалдақ балы» өтеді
Астанада «Еуразия жүрегінде» атты «Қызғалдақ балы» өтеді. Шараға 18 бен 29 жас аралығындағы қыз-жігіттер қатысады.
 
29-наурыз күні «Салтанат» сарайында 48 жұп бір мезгілде клаcсикалық би орындайтын болады. Мерекелік кеш төрт жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
«Қызғалдақ балын» бұған дейін тек алматылықтар тамашаласа, биыл тұңғыш рет Астанада өтпекші.
 
Шараны қалалық әкімдік пен Жастар ісі комитеті ұйымдастырып отыр. 
Мақсат - жастарды классикалық өнерге тарту, рухани тұрғыдан байыту. Кештен түскен қаражат қаладағы қайырымдылық қорларына берілетін болады.
 
Дария Кансейтова, шара ұйымдастырушысы:
Бұл жалпы, веналық балдың негізінде жасалған. Жыл сайын жаңа стильге ие болып отырады. Яғни, бұл - жаңа жетістіктерге жеткен Қазақстанның жастарына арналған кеш.
 
 Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу