«Қазцинк» мырыш өндіруден рекордтық деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазцинк» мырыш өндіруден рекордтық деңгейге жетті

10.12.2021

 «Қазцинк» тау-кен байыту кешені мырыш өндіруден бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді. «Мұндай жоғары көрсеткіш жылдар бойғы тынымсыз, үздіксіз жұмыстың арқасы» дейді компанияның бас директоры Александр Хмелев.

«Қазцинк» шығыс аймақтағы үш бірдей ірі түсті металлургия алыптарының активтерін біріктіру арқылы құрылған. Негізгі меншік иесі - Қазақстан Үкіметі. Компания өндіріс шығындарын мейлінше азайта отырып, әлемдік мырыш саласындағы озат кәсіпорындар бестігіне кіруді көздейді. Бүгінде компанияда шамамен 25 мыңға тарта адам жұмыс істейді.

Александр Хмелев, «Қазцинк» ЖШС бас директоры:

Кезінде мемлекет «комплексті шикізат» бағдарламасын қабылдады, соның негізінде біз жан-жақты жұмыс істедік. 2020 жылы жұрттың бәрі пандемия, қиын кезең деп жатқанда, бір қызығы, біз мырыш өндіруден рекордтық деңгейге жеттік. Жұмысты бір секундтқа да тоқтатқан емеспіз. Бәрі соның нәтижесі деп ойлаймын.


Қазцинк

Хабарламаларға жазылу