Түркістан облысында жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды
Түркістан облысы Шардара ауданында жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Медициналық бетперде киген үш адам қаруланып, түнгі сағат 03:00 шамасында жанармай бекетіне келген. Олар кассаға баса көктеп кіріп, кассир мен оның көмекшісін қорқытқан. Қомақты көлемде ақша талап етіп, кассадағы 120 мың теңгені алып кеткен.
Оңай олжаға кенелмек болғандар бекет маңында тосып тұрған төртінші сыбайласының көлігімен оқиға орнынан бой тасалаған. Артынша сезіктілер көршілес Жетісай ауданынан ұсталды. Қолға түскен екеуі қамауға алынып, қалған екі күдіктіге іздеу жарияланды. Сыбайлас төрт адам да бұрын сотты болған.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Пәкістан әуе күштері Кабул мен Қандағарды атқылады
13.03.2026, 17:31
Оқушылардың картасыын кәсіпкерлердің өзі терминалға басып отырған
13.03.2026, 17:29
Цифрландыру: Мәслихаттардың аппарат басшылары оқытылады
13.03.2026, 17:27
Президент аймақтардағы әкімдердің жұмысын сынады
13.03.2026, 17:25
Жаңаөзендегі ауыз су мәселесі шешілді
13.03.2026, 17:23
Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңі әзірленді
13.03.2026, 17:21
Биыл тағы 2300 шақырым жолды жөндейді
13.03.2026, 17:18
С.Имашева Мәжілістегі орнын босатты
13.03.2026, 17:15