Ниагара сарқырамасында көлік суға батып, бір әйел қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ниагара сарқырамасында көлік суға батып, бір әйел қаза тапты

09.12.2021

АҚШ-тың әйгілі Ниагара сарқырамасының қасында автомобиль суға батып, бір әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға Америка-Канада шекарасына тақау жерде болған.

Машина сарқырамадан 45 метр жердегі өзенге түсіп кеткен. Құтқарушылар тікұшақпен жеткенде, оның ішінде отырған 60 жастағы әйелдің қаза тапқанын көрді. Апатқа ұшыраған азаматшаның аты-жөні әзірге аталмай отыр.

Бұл ауданда осыған дейін қар жауды. Куәгерлердің айтуынша, автомобиль соның салдарынан өзенге сырғып барып түсіп кетсе керек.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу