Елімізде халықты ревакцинациялау тактикасы өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде халықты ревакцинациялау тактикасы өзгерді

09.12.2021

Елімізде халықты ревакцинациялау тактикасы өзгерді. Жаңа ғана Үкіметте елдегі эпидахуал туралы баяндаған Денсаулық сақтау министрі енді вакцинаны 9 емес, 6 айдан соң қайтадан алу қажеттігін айтты. Яғни ревакцинациялау мерзімі қысқарып отыр.

Жалпы, Алексей Цойдың айтуынша індеттің таралуы бойынша елдегі жағдай жақсарып келеді. Халықтың 77,5 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алды. Ал 44 мың адамға ревакцинация жасалды.

Айта кетерлігі Маңғыстау, Қостанай және Батыс қазақстан облыстарында екпе егу жұмыстары баяулаған. Ал «Омикрон» штамы елімізде анықталған жоқ дейді министр.


ревакцинация Денсаулық сақтау министр вакцина

Хабарламаларға жазылу