Мәжіліс биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын мақұлдады

08.12.2021

Қазақстанда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе құрылады. Басты мақсат - биологиялық қауіп-қатерлерді ерте анықтау, оларды болдырмау және алдын алу. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы салада қандай өзгерістер болатыны талқыланды. Биоқауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халықтың денсаулығын сақтау үшін Заң жобасы әзірленген. Жаңа құжат биологиялық қауіпсіздік саласында біріңғай мемлекеттік саясат қалыптастырып, жауапты органдардың құзыретін ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Бүгін біз еліміздің заңнамалық тарихында алғаш рет «Биологиялық қауіпсіздік» туралы заң жобасын қабылдадық. Бұл заң жобасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген. Осы құжат елімізде биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған. Ол әртүрлі инфекциялардың алдын алуға, халықтың денсаулығын сақтауға, жалпы алғанда, қоршаған ортаны биологиялық қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді.


Хабарламаларға жазылу