Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

08.12.2021

Мұнан бөлек Президент Ішкі істер министрін қабылдады. Ерлан Тұрғымбаев биылғы атқарылған жұмыстарды баяндады. Бас полицейдің сөзінше, елімізде қылмыстық істер 5 пайызға азайып, қоғамдық орындар мен көшелерде қауіпсіздік деңгейі жоғарылаған. Министр ішкі істер органдарын цифрландыру, полиция учаскелеріне жаппай бейнебақылау құрылғыларын орнату, автоматтандыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерістерін жеңілдету жайын баяндады. Мемлекет басшысы атқарылған жұмысқа оң баға беріп, азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдауға тапсырма берді.      

Хабарламаларға жазылу