Германия: Бундестаг елдің жаңа үкіметінің құрамын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия: Бундестаг елдің жаңа үкіметінің құрамын бекітті

08.12.2021

Германия парламенті социал-демократ Олаф Шольцты жаңа канцлер етіп сайлады. Осылайша елде және Еуропа одағында Ангела Меркельдің 16-жылдық басшылық дәуірі аяқталып отыр.

63 жастағы Шольц бұрын Меркель кабинетінде вице-канцлер және қаржы министрі болып қызмет атқарды. Оның кандидатурасын Бундестагтың төменгі палатасындағы 395 депутат қолдап дауыс берген.

Германияның жаңа үкіметінің сыртқы істер министрі болып Анналена Бербок тағайындалған. Ол Ресей мен Қытайға қатысты аса қатаң позициясымен танымал.

Шольц үш партиядан тұратын коалциялық үкіметті басқарады. Жаңа басшының алдына қойған негізгі мақсаты - климаттың жылынуымен «жасыл» энергияға көшу арқылы күресу және коронавирус пандемиясын еңсеру.

Арыстан Рысбек


Германия Бундестаг

Хабарламаларға жазылу