Жапонияда коронавирустың 6-толқынына әзірлік жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда коронавирустың 6-толқынына әзірлік жүріп жатыр

08.12.2021

Жапонияда коронавирустың 6-толқынына әзірлік басталды. Осы науқан аясында ауруханаларда болашақ науқастарға арналып, 37 мың орын әзірленді. Ал шілде айында бесінші толқын қызған шақта, госпитальдерде 27 мың пациентке орын берілген.

Сонымен қатар, елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, алдағы пандемия кезінде медициналық мекемелер мен үйлерінде емделетін адамдарды қадағалайтын штат қызметкерлерінің саны әдеттегіден үш есеге көбейтілмек.

Арыстан Рысбек


Жапония коронавирус

Хабарламаларға жазылу