«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстан Кинематография агенттігі арасында меморандум бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстан Кинематография агенттігі арасында меморандум бекітілді

07.12.2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстан Кинематография агенттігі арасында меморандум бекітілді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстан Кинематография агенттігі арасында бірлескен жобалар өндіру туралы меморандум бекітілді

Келісімге Өзбекстан Республикасының Кинематография агенттігінің Бас директоры Фирдавс Абдухаликов пен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай қол қойды.

Тараптар алдағы уақытта екі елдің мәдениеті мен туризм саласына бағытталған тележобалармен алмасу, сонымен бірге II Дүниежүзілік соғыс жылдарын, тылдағы еңбекті бейнелейтін бірлескен телехикая түсіру туралы келісімге келді. Әскери драма жанрындағы телехикаяда екі елдің жеңіске қосқан үлесін көрсету көзделген.


Агенттік өкілдері кездесуден кейін «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирде шығатын «Таңшолпан», «Теледәрігер», «Ашық алаң», бағдарламасының студияларымен танысты.


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ТМД елдері телеарналарымен контент алмасуды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Корпорация түсірген «Қара шаңырақ», «Сырғалым» телехикаялары бұған дейін Өзбекстанның «Mening Yurtim» арнасында көрсетілсе, «Жараланған жүректер» сериалы «Yoshlar» телеарнасында көрсетілді. Өзбекстан аумағына тарайтын «ОККО» онлайн кинотеатры арқылы «Абай» және «Әл Фараби» тарихи телехикаялары ұсынылды. «Өзбекстан 24» мемлекеттік радиоарнасы Қазақ радиосы биыл өткізген «Наурыз-2021» халықаралық радиокөпіріне қатысты.

Хабарламаларға жазылу