Францияда Жаңа жыл қарсаңында шектеу күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда Жаңа жыл қарсаңында шектеу күшейеді

07.12.2021

Франция Жаңа жыл алдында барлық түнгі клубтарды жауып, әлеуметтік арақашықтық сақтау ережелерін күшейте түспек. Аталған шара «Омикрон» штамы тарап жатқанына қарамастан, жаңа локдаундар мен карантиндерге жол бермеу үшін қолға алынады.

Елде коронавирустың аталған мутациясын жұқтыру оқиғалары күн сайын тіркеліп жатыр. Ал қазір Франция ковид пандемиясының бесінші толқынын бастан өткеріп жатыр. Айта кетсек, елде тұрғындардың 90 пайызы, яғни 52 миллион адам толық иммундалған.

Италияда вакцина салмағандарға шектеу күшейтілді

Ал Италияда вакцина салмағандарға карантин күшейтілді. Екпесі жоқтар мейрамханаларға, мұражайларға, кинотеатр тәрізді көпшілік жиналатын орындарға, спорт залдарға бара алмайды.

Бұған қоса, полиция Римдегі қоғамдық көліктерде жолаушылардың вакцина куәлігі немесе теріс нәтижелі ПТР тесті болуын тексеріп жүр. Ал куәліксіз жүргендер 400 еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Айта кетсек, Италияда соңғы апталарда ковид жұқтыру оқиғалары көп тіркеліп отыр. Өткен жексенбіде вирус 15 мың адамнан анықталған.

Арай Төлегенқызы


Франция Жаңа жыл «Омикрон» штамы

Хабарламаларға жазылу