Келер жылы зейнетақы қорындағы артық ақшаны «Отбасы банкіне» аударуға мүмкіндік беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы зейнетақы қорындағы артық ақшаны «Отбасы банкіне» аударуға мүмкіндік беріледі

06.12.2021

Зейнетақы қорындағы артық ақшаны тек келер жылы «Отбасы банкіне» аударуға мүмкіндік беріледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, тұрғын үй қатынастарына қайта өзгеру енгізіледі. Жауапты ведомство жобаға өзгерту енгізуді өзге министрліктермен келісіп, жүзеге асырады. Алайда айтуынша, Еңбек министрлігі құжатты қайта пысықтауға жіберген. Сонымен Отбасы банктегі шотқа зейнетақыдан ақша аудару келер жылға қалып отыр. Ал 2022 жылы қордағы ақшаны мерзімінен бұрын алу үшін жеткілікті шек көрсеткіші күрт өседі. Мәселен, 21 жаста – 3 млн 200 мың теңге, 40 жастағы азаматта 5 млн 800 мың теңге болуы шарт.


Хабарламаларға жазылу