Ашаршылық туралы құжаттардың кезекті жинағы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ашаршылық туралы құжаттардың кезекті жинағы таныстырылды

06.12.2021

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника» жинағының IV-V томдары көпшілікке таныстырылды. Еңбектің алғашқы үш томы Сенаттың ұйытқы болуымен биыл мамыр айында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында жарық көрген. Кітапқа енген материалдардың бірқатары бұрын еш жерде жарияланбаған, жалпы көпшілікке тарамаған ақпараттар. Ал бұйрықтар мен қарарлардың көбі осы уақытқа дейін құпия сақталып келген.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында өткен ғасырдың басындағы қасіретті кезең ашаршылыққа да тоқталып өткені белгілі. Осыған орай Сенат бұл бағытта біраз жұмыс атқарды. Еліміздің басына түскен алапат қасіретті терең түсінуге мүмкіндік беретін осы 5 томдық Тәуелсіздігімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенеміз.


Хабарламаларға жазылу