Петропавлда карантин талаптарын бұзу тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда карантин талаптарын бұзу тыйылмай тұр

06.12.2021

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 400 мәрте карантин талаптары бұзылған. Мониторингтік топ соңғы бір айда 250 мәрте рейд ұйымдастырып, 1300-ден астам нысанның жұмысын тексерген. Өңір екі айдан артық уақыт «қызыл» аймақта болып, бүгін ғана «сарыға» өтті. Осыған қарамастан тұрғындар арасында санитарлық талаптарды бұзу фактілері тыйылар емес. Қараша айында ғана дәмхана, мейрамханаларда жұмыс істейтін 29 адам жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сән Жұмағазина, облыстық Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы:

Полиция қызметкерлері көңіл көтеру орындары және олардың иелері мен қонақтарына қатысты профилактикалық әңгіме жүргізіп, жиі тексереді. Жыл басынан бері Петропавл қаласында мониторинг тобы 391 бұзушылықты анықтады.


Солтүстік Қазақстан карантин

Хабарламаларға жазылу