«Qazaqstan дауысы» жобасы «тікелей эфир» кезеңін бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan дауысы» жобасы «тікелей эфир» кезеңін бастайды

03.12.2021

Осы сенбіде «Qazaqstan дауысы» жобасы «тікелей эфир» кезеңін бастайды. Сайысқа сайдың тасындай іріктелген ең үздік 16 өнерпаз қатысып, өзара бақ сынамақ. Жаңа кезең 4 аптаға жалғасады. Көрермен өзінің көзайым болған өнерпазына дауыс беріп, 4 әншіні финалға шығарады. Тікелей эфирде өнер көрсететіндіктен көпшілігінде іштей қобалжу да жоқ емес. Ендеше, нағыз таланттарға бірге жанкүйер болайық. Еліміздегі ең үздік ән бәйгесін әр сенбі сайын сағат 20:40-та  «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар.

Аида Тілеухан, «Qazaqstan дауысы» жобасының продюсері :
«Тікелей эфир» кезеңіне тоқталатын болсақ, бұл кезеңнің басты ерекшелігі осыған дейін формат бойынша қатысушыларды ашу керек болды, көрсету керек болды. Ешқандай қойылым қойылмайтын. Осы кезеңнен бастап әр қатысушыға, әр әнге қойылым қойылады. Шоу болады. Күтіңіздер.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу