«Нұр-Сұлтан –Орал» марафоны мәреге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр-Сұлтан –Орал» марафоны мәреге жетті

03.12.2021

Батыс Қазақстанда «Нұр-Сұлтан - Орал» марафоны мәреге жетті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған спорттық шарада марафоншылар 2 мың шақырым жолды жүгіріп өтті. Сегіз күн бұрын елордадан шыққан олар Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе қалаларынан өтіп, бүгін Оралға келді. Топ құрамында 12 марафоншы бар. Жағдайлары жақсы. Желаяқтарды Тәуелсіздік монументінде салтанатты түрде қарсылап алған оралдықтар ән-күйден шашу шашып, мерекелік көңіл күйге бөледі.


Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу