Қостанай облысында 10 айда 387 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 10 айда 387 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

03.12.2021

Қостанай облысында жыл соңына дейін 18 көпқабатты үй салынып бітеді. Ал соңғы он айда өңірде 387 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық. Жалпы, облыс халықты баспанамен қамту жағынан еліміз бойынша екінші орында. Дегенмен, ипотекаға берілетін үйді арзан бағаға салу облыс үшін оңай болмай тұр. Бұл туралы аймақ басшысы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты. Тұрғын үй салудың қарқынын бәсеңдетіп алмау үшін жергілікті билік баспана салу үшін бекітілген бағаны өзгертуді сұрап отыр.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:
Бүгінде облысымызға бекітілген баға - 180 мың теңге бір шаршы метрге. Ал кейбір облыстарда 220 мың теңге. Соны енді көтеру бойынша біз ұсыныс беріп отырмыз, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне. Соған рұқсат берсе біз құрылыс қарқынын жоғалтпаймыз. Соңғы кезде қиындап бара жатыр, оны біз жасырмаймыз.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу