Павлодар облысындағы Майқоңыр ауылы сапалы ауызсумен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы Майқоңыр ауылы сапалы ауызсумен қамтылды

03.12.2021

Соңғы үш жылда Павлодар облысындағы 95 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының игілігін енді Ертіс ауданына қарасты Майқоңыр ауылы тұрғындары да көреді. Елдімекенге 12 шақырым су құбырын тарту үшін мемлекет қазынасынан 400 млн теңге қаржы бөлінген. Келер жылы сапалы ауызсумен Аманкелді және Қоскөл ауылдарын да қамту жоспарланған. Бұлардың бәрі Ресеймен шекарада тұрған елді мекендер. Сондықтан тек қана ауыз су емес, байланыс, жол мәселесі де оң шешімін тауып жатыр.

Сәтима Сейітова, Майқоңыр ауылының тұрғыны:

Су болмаған соң қиын. Соның кесірінен жастарымыз қалаға көшіп, ауылдағы үйлер босап жатқан еді. Енді жұмыс бар, мемлекет қолайлы жағдай жасап жатыр. Осы орталық су құбырына ауылымыздағы 78 үйдің бәрі бірден қосылды. Мердігерлер суды үйдің ішіне дейін кіргізіп берді. Мұндай ауылда неге тұрмасқа?! Мал өсіріп, егін салады. Жастар енді көшпейді.


Хабарламаларға жазылу