Германияда вакцина алмағандарға қарсы ұлттық локдаун жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда вакцина алмағандарға қарсы ұлттық локдаун жарияланды

03.12.2021

Германияның биліктен кетіп бара жатқан канцлері Ангела Меркель мен оның ізбасары Олаф Шольц вакцина алмаған тұрғындарға қарсы ұлттық локдаун жариялады. Жаңа карантинге сәйкес, екпе салдырмағандар мен коронавируспен ауырғаны туралы сертификаты жоқтар көпшілік жиналатын жерлерге бармауы керек. Яғни, олар футбол матчтарына, концерттерге, рождестволық жәрмеңкелерге кіре алмайды. Иммундалмағандар тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендеріне бара алады.

Германияда халықты вакциналау деңгейі 70 пайызға жетіп қалды. Бірақ соңғы апталарда елде пандемия қайта күшейіп, өткен тәулікте 73 мыңнан астам адамнан ковид анықталған.


Хабарламаларға жазылу