Жауапсыз компанияларға жаза күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жауапсыз компанияларға жаза күшейеді

02.12.2021

Жауапсыз құрылыс компанияларына жаза күшейеді. Үлескерлердің қаржысын заңсыз тарту секілді әрекеттері үшін фирмаларға салынатын айыппұл екі есе өспек.

Оның үстіне құқық қорғау органдары құрылыс компанияларының қаржылық операцияларын бақылауға алғалы жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша бұл тұрғын үй құрылысы нарығын реттеп, салымшылардың алдануының алдын алады. Өйткені ақша жинап, жұртты тақырға отырғызған фирма көп. Қазір бір ғана елордада осындай 22 нысан бар. Сақалды құрылысқа айналған үйлерді енді әкімдік 2023 жылға дейін салып беруі тіис.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу