Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 14 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 14 күн қалды

02.12.2021

1991-жыл. 2-желтоқсан. Қазақ елі тәуелсіздігін жария етуге 14 күн қалған. Дербестікке ұмтылған мемлекет осыдан отыз жыл бұрын тарихта алғаш рет жалпыхалықтық Президент сайлауын өткізген еді. Осыған орай, Алматыдағы Достық үйінде сайлауының алдын ала қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Қазақ елінің тарихында алғаш жалпыхалықтық Президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комисииясының таратқан алдын ала мәліметі бойынша, жалғыз үміткер Нұрсұлтан Назарбаев басымдықпен жеңіске жетті.

 Қапар Бөкенов, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:  /1991 ж./
Алдын ала мәлімет бойынша сайлаушылардың 88,2 пайызы сайлауға қатысты. Нұрсұлтан Назарбаевқа азаматтардың 98,8 пайызы жақтап, дауыс берді.
Оралбай Әбдікәрімов, ҚР Парламенті сенаты жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшесі:
Мереке ретінде өтті деуге болады. Өйткені халқымыздың көңілі, санасы, сол кезде бірінші рет осындай өз Президентін сайлап жатыр дегенде саны өте мықты болды.

Сайлаудан кейін Нұрсұлтан Назарбаев алда күрделі кезең тұрғанын мәлімдеді. Бірақ халық қолдауы сенімге селкеу түсірмеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақ КСР-нің Президенті:  /1991 ж./ 
Істейтін жұмыстың барлығы белгілі. Халқымыз тек қана мен үшін емес, менің айтқан программаны қолдап, сол программаны іске асыруға жолдама берді деп санаймын. Иығыма салған салмақ пен жүктің ауыр екенін білемін.

Алғашқты баспасөз мәслихатында Қазақтың еншісінде қалған ядролық қару мен Семей полоигонының тағдыры туралы сұрақ қойылды. 1991-жылдың 29-шы тамызында сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойған Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселенің енді қайтіп көтерілмейтінін кесіп айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақ КСР-нің Президенті:  /1991 ж./
Менің позициям бүкіл халыққа, жер жүзіне мәлім. Бұдан былай біздің жерімізде атом қаруын сынау ешқашан болмақ емес.

Баспасөз мәслихатында айтылған ой, тәуелсіздік жылдары түгел жүзеге асты. Тек көреген басшы сол күннің өзінде-ақ, арық сөйлеп, семіз шығуды көздегенін қазір кез келген саясаттанушылар мойындайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақ КСР-нің Президенті:  /1991 ж./
Заман да, жағдай да оңай емес. Дүниежүзіндегі мемлекеттер секілді басқа жұртшылық сыйлайтын демократиялық, праволық мемлекет құрсақ деген ниетіміз бар. Біз белді будық, тәуекел дедік. Енді алға қарай жүрейік. Бақытты болайық.

Сайлаудың алдын ала қортыныдысы шыққаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көптеген елдерден құттықтаулар толассыз келіп жатты. Алғашқылардың бірі болып КСРО Президенті М. Горбачев пен Ресей Президенті Б. Ельцин телефон арқылы құттықтады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу