Атырауда көпбалалы отбасыларға алынған 160 пәтер 2 жыл бос тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда көпбалалы отбасыларға алынған 160 пәтер 2 жыл бос тұр

02.12.2021

Атырау қаласында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арналған 160 пәтер 2 жылдан бері бос тұр. Баспананы сатып алу үшін құрылыс бөлімі бюджеттен 1,4 миллиард теңге төлеген. Алайда, пәтердің ауданы 60 шаршы метрден аз болғандықтан, көпбалалы жанұяларға берілмеген. Жалпы, аудиторлар Атырау облысында 7,8 миллиард теңге тиімсіз жұмсалғанын анықтаған. Бүгін осы мәселелер Есеп комитетінде жан-жақты талқыланды. Өңірде талай инвестициялық жоба жүзеге асқанымен, апаттық және үш ауысымды мектептер проблемасы әлі күңге дейін шешілмеген. Балабақша кезегінде 28 мың бала тұр. Жергілікті билік анықталған кемшіліктердің бәрі жойылады деп уәді беріп отыр. Ал көпбалалы отбасыға кішкентай пәтер сатып алу құрылыс бөлімі тарапынан жіберілген қателік екенін мойындады.

Нариман Таушов,  Атырау облысы әкімінің орынбасары:

Жоспарлаған кезде, тапсырыс берушімен келісіп, тұрғын үйлерді салу кезінде кезекте тұрған адамдардың кандай категория бойынша қабылдап алуы тиіс екені ескерілмеген.


Хабарламаларға жазылу