Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген тарихи телехикаялардың таныстырылымы өтедi

02.12.2021
Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген тарихи телехикаялардың таныстырылымы өтедi

Бүгін «Қазмедиа» орталығында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Жәңгір хан. Сарай сыры», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Домалақ ана», «Тәшенев. Тайталас», «Қаныш. Қазына», «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» тарихи телехикаяларының таныстырылымы өтедi.

Биыл «Қазақстан» телерадиокорпорациясы  201 бөлімнен тұратын 16 отандық сериал түсірді. Оның ішінде  34 бөлімнен тұратын 6 тарихи телехикая бар. Тарихи туындылар эфирге Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында беріле бастайды.

Телехикаялар таныстырылымымен қатар шарада Корпорацияның altynqor.com сайты мен «Алтын қор. Аманат» аудиожинағының тұсауы кесіледі.

Хабарламаларға жазылу