Шымкентте «Ұлттың ұлы тұлғасы - Елбасы» атты мерекелік шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Ұлттың ұлы тұлғасы - Елбасы» атты мерекелік шара өтті

02.12.2021

Шымкент қаласында Тұңғыш Президент күніне орай Елбасының сүйіп орындайтын әндерінің кеші өтті. Салтанатты жиындағы концертте «Үш қоңырдан» бастап «Сәулем-ай», «Беу-айдай» секілді халық әндері шырқалды. Сондай-ақ опера әншісі Майра Мұхамедқызының орындауындағы «Бүлдірген» әні залды әуезді әуенге бөледі. Өнерпаздар орыстың «На заречной улице» әнін де нақышына келтіре айтып шықты.

«Ұлттың ұлы тұлғасы Елбасы» атты мерекелік шарада Тұңғыш Президенттің өмір жолын баяндайтын деректі фильм көрсетіліп, оның мемлекеттің дамуы жолындағы еңбектері жан-жақты көрсетілді. Мерекелік кеште студенттерге  Н.Ә.Назарбаевтың жазған еңбектері және Елбасы туралы жазылған кітаптар көрмесі таныстырылды.

Дария Қожамжарова, университет ректоры:

Отыз жылға толы мәртебелі уақыттың ішінде Қазақстан мемлекеті шекарасын бекемдеді. Ең бастысы Конститутцияға біршама өзгерістер енгізді. Содан бастап Қазақстанның өзгеруі, өсуі, қарқынды дамуы, халықтың ішінде сананың өзгеруіне, қазақстандық моделдің қалыптасуына үлес қосқан біздің Елбасы - Тұңғыш Президентіміз еді.


Хабарламаларға жазылу