ДДСҰ әлем елдерін әуе сапарларын тоқтатпауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ әлем елдерін әуе сапарларын тоқтатпауға шақырды

02.12.2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін коронавирустың «омикрон» түрінің тарауына байланысты әуе сапарларын тоқтатпауға шақырды. Мұндай мәлімдемені осы агенттіктің төтенше мәселелер жөніндегі директоры Майк Райан Женевада өткен баспасөз маслихатында жасады. Оның сөзінше, қоғамдық денсаулық және эпидемиология тұрғысынан алғанда елді жабу қисынсыз.

Осы Ұйым мамандарының дерегінше, «омикрон» жер шарының 23 еліне жеткен. Алайда оның үлгілерін Оңтүстік Африкадан алып, зерттеу жүргізуге авиациялық рейстерге қойылған шектеу кедергі болып отыр.


Хабарламаларға жазылу