1 желтоқсаннан бастап «Бір күннің тарихы» атты деректі фильмдер циклы көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 желтоқсаннан бастап «Бір күннің тарихы» атты деректі фильмдер циклы көрсетіледі

30.11.2021

«Qazaqstan» телеарнасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір күннің тарихы» атты қысқаметражды фильмдер циклын ұсынады. Әр шағын фильмде 1 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсанға дейінгі әр күннің тарихы баяндалады.

Бір күнде қабылданған шешімдер, маңызды құжаттар, заңдар мен оған кімдердің атсалысқаны көрсетіледі. Сондай-ақ, сол жылдардағы оқиғаларға шолу жасалып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаттағы шешуші қадамдары баяндалады.

Деректі фильмдер циклы 1 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсанға «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу