Гамалея орталығы «Омикронға» қарсы екпені 10 күнде жасауға уәде берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гамалея орталығы «Омикронға» қарсы екпені 10 күнде жасауға уәде берді

30.11.2021

Ресей коронавирустың жаңа түрі «омикронға» қарсы вакцинаны 10 күнде жасай алады. Мұны Мәскеудегі Гамалея орталығының директоры, академик Александр Гинцбург мәлімдеді. Дегенмен, оның сөзінше, бұндай екпені тіркеу үшін құжат рәсімдеуге шамамен бір жарым айдан 50 күнге дейін уақыт кетеді екен.

Айта кетсек, осыған дейін Американың «Файзер» және «Модерна» фармацевтикалық компаниялары ковидтің жаңа штаммы тарап жатқан шақта өздерінің вакциналарының құрамын өзгерте алатынын айтқан еді.

Кейбір мамандардың ойынша, аса жұқпалы «омикрон» қазіргі вакциналардың иммунитетті қорғау күшіне төтеп беруі мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу