Тұңғыш Президент күніне орай «Ел тірегі-Елбасы» атты салтанатты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент күніне орай «Ел тірегі-Елбасы» атты салтанатты жиын өтті

30.11.2021

«Ел тірегі-Елбасы». Тұңғыш Президент күніне орай бүгін осындай атаумен Шымкентте салтанатты жиын өтті. Мерекелік кеште ұлт көшбасшысының еліміздің егемендік алған жылдарынан бастап мемлекеттің дамуы мен өркендеуі жолындағы ерен еңбегі жайлы бейне фильм көрсетілді. Экономиканы нығайтып, ішкі келісімді бекемдеп, өзге елдермен дипломатиялық байланыстар орнатудағы Елбасының іскерлігі мен кемеңгерлігі ерекше атап өтілді.

Мерекеге орай өткізілген салтанатты жиында Шымкент қаласының дамуына үлес қосып келе жатқан түрлі сала мамандары қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Олардың ішінде көз жанарынан айырылып, зағип болып қалғанына қарамастан аула сыпырушы болып жұмыс істейтін Нұртілеу Жаналиев те бар. Ол шаһардағы коммуналдық тазалық мекемесінде 11 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді.

Нұртілеу Жаналиев, коммуналдық тазалық мекемесінің жұмысшысы:

Тазалықты сүйемін. Сондықтан да аула сыпырушы болып еңбек етемін. Қаланың тазалығына үлес қосып келемін. Мен үшін бүгінгі үлкен қуаныш. Бұл - менің алғашқы марапатым.


Хабарламаларға жазылу