Қырғызстанда бес партия парламенттік сайлау нәтижесін мойындамай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда бес партия парламенттік сайлау нәтижесін мойындамай отыр

29.11.2021

Қырғызстанда өткен парламент сайлауының нәтижесін бес партия мойындаудан бас тартты. «Атамекен», «Реформа», «Социал-демократтар», «Азаттық» және «Ұлттар бірлігі» өкілдерінің сөзінше, сайлауалды науқан кезінде заңсыздықтарға жол беріліп, дауыс беру қорытындылары бұрмаланған.

Айта кетсек, бірнеше сағат бұрын Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының жүйесінде механикалық ақау болды. Ол таратқан ресми деректерге күмән туындап отыр. Бюллетендердің 97 пайызы саналған соң қорытындыға сәйкес, парламентке алты партия өтті. Ең көп дауыс жинаған «Ата жұрт», «Сенім» «Ынтымақ» саяси блоктары президент Садыр Жапаровқа жақтас. Сондықтан кей бақылаушылардың ойынша, бұл сайлаудың нәтижесі мемлекет басшысының ықпалын алдағы уақытта тіпті күшейтейін деп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу