Нұр-Сұлтанда отставкадағы генерал-майор Геннадий Носоновскийдің «Память жувущих хранит имена» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жинақ Қызылорда облысының тумасы, соғыс ардагері Талғат Ниязов туралы. Шараға кейіпкердің туыстары, қарулы күштер ардагерлері мен курсанттар қатысты. Әскери-тарихи музейде тұсауы кесілген кітапта ардагердің өмір жолы баяндалған. Туындыны таныстырған автор Талғат Ниязовтың ерлік істері оқырманға ой салары анық дейді. Шараға қатысушылар отан үшін от кешкен ардегердің есімін жаңғыртуға атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді
Ғазиза Ниязова, Талғат Ниязовтың қызы:
Әкеміздің соғыс кезінде өткен жылдары, көрген көпшілік қиындықтары, соның бәрі жазылған. Өшпейді әке шырағы деген нәрсе мәңгіліктен мәңгілкке берілетін нәрсе деп ойлаймын.