Түркістанда ноутбук алуға бөлінген ақшадан 2,5 млрд теңгені жымқырған кәсіпкер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда ноутбук алуға бөлінген ақшадан 2,5 млрд теңгені жымқырған кәсіпкер ұсталды

26.11.2021

Түркістан облысында балаларға онлайн оқу үшін ноутбук жеткізуге жауапты болған кәсіпкер қамауға алынды. Оның компаниясы 3,4 миллиард теңгеге 21 мың дана ноутбук әкеліп беруге міндетті болған.

Бірақ, тауарының басым бөлігі тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктеріне сай болмай шықты. Бюджетке келген шығын 2,5 миллиард теңгеден асады. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тендерді ұтып, кейін арзан ноутбуктарды әкеле салған кәсіпкер қамауда алынды. Оның компаниясымен келісімшарты облыстық әкімдікке қарасты «Адам әлеуетін дамыту басқармасы» жасаған. Мемлекеттік мекемедегі лауазымды тұлғалар да бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Олардың үстінен де іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу