Ресейде жасөспірімдерге арналған коронавирусқа қарсы вакцина тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде жасөспірімдерге арналған коронавирусқа қарсы вакцина тіркелді

25.11.2021

Ресейде жасөспірімдерге арналған коронавирусқа қарсы вакцина ресми түрде тіркелді. Препарат 12-17 жастағыларға салынады. Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығы шығарған «Спутник М» екпесі ересектерге арналған «Спутник-V» вакцинасының жеңіл түрі. Оның құрамындағы белсенді заттардың концентрациясы 5 есе аз. «Үш кезеңдік сынақтан өткізілген COVID-19-ға қарсы вакцина жаңа штамдарға қарсы тұра алады»,- дейді мамандар. Жасөспірімдерге екпе ерікті түрде және ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімімен ғана жасалады.

Александр Арутюнов, дәрігер:
Бұл бәріне жаппай екпе салынады деген сөз емес. Міндетті түрде вакциналаудың алдында жасөспірімнің денсаулығы мұқият тексеріледі, созылмалы ауруы барларға салынбайды. Сонымен қатар анти денелері жеткілікті болса, екпе кейінге шегеріледі.


Хабарламаларға жазылу