Қарағандыда көктайғақ салдарынан 23 жол апаты болды
Қарағанды облысында соңғы тәулікте ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ салдарынан жарақат алғандар мен жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Қарағандыда соңғы күндері ауа райының қолайсыздығы салдарынан түрлі дене жарақаттарын алғандардың саны күрт артты. Себебі көше көктайғақ. Травматологиялық орталыққа бір тәулікте 370-ке жуық адам келіп қаралған.
Ерік Шонбаев, Х.Мақажанов атындағы облыстық травматологиялық орталықтың бөлім жетекшісі:
Тұрғындар әсіресе кешкі сағат 19:00-ден бастап, түнгі 12-ге дейін ағылып келіп жатыр. Яғни бұл адамдардың жұмыстан, оқудан қайтатын уақыты. Басым көбі осында қаралып, үйлеріне жіберіледі. Олардың көбі буындарын шығарып немесе сіңірлерін созып алып жатады. Сынық жарақатымен де түскендер бар.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Өңірде күндіз қар ерісе, ал түс қайта қар жауып, ауа температурасының төмендеуіне байланысты мұз болып қатып жатыр. Бұл көлік жүргізушілеріне де қиындық туғызуда. Қарағандының өзінде бір тәулікте 23 жол-көлік оқиғасы болған. Жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жерден өтпек болған бір адам көлік қағып қайтыс болды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Синоптиктер бүгін кешке қарай күн суып, аяз түседі деген жорамалдарын айтуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті
25.10.2025, 18:01
Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп ашылды
25.10.2025, 17:33
Мәдениет және ақпарат саласы үздіктеріне мемлекеттік награда табысталды
25.10.2025, 17:32
Президенттің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
25.10.2025, 17:32
Н.Ахмедова Әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
25.10.2025, 17:30
Алматыда асыл тұқымды тазы иттерінің көрмесі өтіп жатыр
25.10.2025, 17:30
Абай облысында жаңа саябақ ашылды
25.10.2025, 17:30
Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен Халықаралық Ашық Кубогы басталды
25.10.2025, 17:30