Депутат Ерлан Саиров көмір бағасы бойынша сауал жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат Ерлан Саиров көмір бағасы бойынша сауал жолдады

24.11.2021

Бірнеше өңір халқы пеш жағып үйін жылытуға көмір таппай отыр. Оның үстіне қатты отынның бағасы да тым қымбат. Бүгін осы өзекті мәселе бойынша Мәжілістің жалпы отырысында Ерлан Саиров депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, көмір бағасына ортадағы делдалдар қатты әсер етеді. Көмірді жеткізу үшін вагондардың жетпей жатқаны да үлкен проблема.

Көмірдің бастапқы бағасы 7800 теңге болып белгіленсе де, Алматы, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облысының халқы тоннасын 25-30 мың теңгеден сатып алуға мәжбүр. Депутат ауыл халқы үшін нормативтік көмір қорын дайындауды, оның бағасы қалыптасқанда ашықтықты қамтамасыз етуді және вагон санын көбейтуді ұсынды.  

Хабарламаларға жазылу