Қазақ-өзбек әскерилерінің «Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-өзбек әскерилерінің «Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуы өтті

24.11.2021

Қазақ-өзбек әскерилерінің «Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуы өтті. Екі ел министрі «Термез» полигонында құрамалардың машығын бақылады. Мақсат - аймақтағы жағдай ушыға қалса, түрлі оқу-жауынгерлік міндеттерді өзара шешу мен қызмет ету деңгейін көтеру. Жаттығу кезінде іздеу-барлау, тұтқиылдан жасалатын шабуылдың алдын алу және мобильді әскерилендірілген топтарды жою тапсырмалары орындалды. Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік, оның ішінде Ауғанстандағы ахуал туралы да айтылды. Сондай-ақ, өзара қарым-қатынасты нығайту, әскери білім беру және кадрлар даярлау жайы талқыланды. Қос елдің қорғаныс ведомстволары арасында 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспары бекітілді.


Хабарламаларға жазылу