«30 жыл 30 есім» ұлттық жүлдесінің үміткерлеріне дауыс беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«30 жыл 30 есім» ұлттық жүлдесінің үміткерлеріне дауыс беру басталды

24.11.2021

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай осы жылдар ішінде ел дамуына орасан зор үлес қосқан қазақстандықтар арасында ұлттық байқау жариялайды. Телевизиялық жүлде соңғы 30 жылда әр салада жетістікке жеткен бірегей тұлғаларға табысталады. Әр аталым бойынша 5 үміткер сарапшылардан құралған комиссия шешімімен іріктеліп, дауыс беруге шығарылды.

Байқауға үміткерлер медицина, мәдениет, кино, спорт, ғылым және тағы басқа бағыттардың дамуына қосқан үлесі үшін марапатталады. Үміткерлер арасында қоғам қайраткері Асылы Осман, медицина ғылымдарының докторы Серік Ақшолақов, әнші Димаш Құдайберген, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам бар. Корпорацияның ресми сайтындағы жалпыхалықтық дауыс беру 30 қарашаға дейін жалғасады.


Хабарламаларға жазылу