Иракта мыңдаған студенттің шеруін полиция күшпен басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта мыңдаған студенттің шеруін полиция күшпен басты

24.11.2021

Ирактың Сулеймания қаласында мыңдаған студенттің шеруін полиция күшпен басты. Тәртіп сақшылары наразы жастарға газ қаруын қолданып, су шашқан. Тәртіпсіздіктер кезінде қос тараптан 18 адам жараланды. Айта кетері, студенттер грантты көбейтуді, сонымен бірге 34 доллар көлемінде ай сайынғы шәкіртақыны қайтаруды және университет жатақханалардындағы жағдайды жасқсартуды талап етіп келеді. Күрдістан автономиялық аймағында білім гранттары экономикалық қиындықтарға байланысты 2014 жылғы қысқартылған еді.


Хабарламаларға жазылу