Әзірбайжанда Наурыз тойы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжанда Наурыз тойы басталды

25.02.2014
Әзірбайжанда Наурыз тойы басталды
Бүгін Әзірбайжанда Наурыз мерекесін тойлау басталды. Ондағы дәстүр бойынша, көктем мерекесіне дейін мұнда төрт сейсенбінің тойы тойланады.
 
Халық сеніміне қарағанда, бүгінгі алғашқы сейсенбіде қатып қалған суға жан біткендей жаңарып, қозғала бастайды. Бұл күні Күн шыққаннан өзенге суға бару керек. Жуынып, бір-біріне тіршілік көзін шашу қажет. Екіншісінде - от, үшіншісінде - жер. Төртінші сейсенбіде ағаштар бүршік жарып, жер көгереді, көктем келеді.
 
Бүгіннен бастап, халық үйлерін жинастырып, тәтті тағамдарды әзірлей бастайды. Көктемдегі күн мен түннің теңесуінде, 20-21 наурызда түркі халқы Наурыз мерекесін тойлайды.
 
Қазақстан мен Әзірбайжаннан басқа, Наурыз мейрамын Ресей, Түркия, Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Түркіменстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан  елінің халқы ерекше атап өтеді.

Хабарламаларға жазылу