Маңғыстау облысындағы Қошқар ата қоймасын залалсыздандыру жұмыстары қайта жанданды. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген. 30 арнайы техника мен 70-ке тарта адам жұмыс істеп жатыр. Еске салайық, Қошқар ата улы қалдықтар қоймасын қалпына келтіру жұмыстары көктемде басталып, қаржы бөлінбегендіктен тоқтап қалған еді. Мердігер мекеме сол кезде 115 га жерді құммен көмген. Бұл радиоактивті қойманы рекультивациялау - 3 жылда аяқталуы тиіс. Жоба құны - 15 млрд теңге.
Қуандық Оразғалиев, жоба жетекшісі:
Тиісті аумақты жасап үлгереміз, ол шамамен 250 ге жуық гектар болады. Жұмыстың басым көпшілігін біздер жыл басында өз қаражатымызбен игерген болатынбыз. Енді қазір сол жұмыстарды жалғастыру үстіндеміз.