Қалпына келтірілген жәдігерлер көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қалпына келтірілген жәдігерлер көрмесі өтті

21.02.2014
Қалпына келтірілген жәдігерлер көрмесі өтті
 
Алматыдағы Мемлекеттік Орталық мұражайда «Сақтау үшін жаңғырту» атты қалпына келтірілген экспонаттар көрмесі өтті. Қазіргі таңда мұражай қорында 300 мыңға жуық музейлік құндылықтар сақталуда.
 
Олар халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен, мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін мәдени мұра. Дегенмен, кез-келген жәдігер уақыт өтуіне байланысты ескіреді. Мұражайдың қалпына келтіру орталығы 1986 жылдан бері сыры кетсе де, сыны кетпеген тарихи жәдігерлерді жаңғыртып келеді.
 
Бүгінгі көрмеге 40-тан астам қалпына келтірілген экспонат шығарылды. Тәжірибелі мамандардан құралған топ кескіндеме, графика, қыш, киіз және тоқыма бұйымдары, ағаш, тері, сүйек және металл бағыттары бойынша реставрациялық жұмыстар жүргізеді. Бұл көрме айлап жұмыс істейтін реставраторлардың көзге көрінбейтін ыждаһатты еңбегінің нәтижесі, - дейді мамандар. 
 
Асан Құрақбаев, ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайының реставраторы:
Бұрындары қыштың арасына аттың қылын қосқан екен. Ал біз оның орнына қыл болса қыл, кейде жіп қосамыз, мықты болуы үшін.
 
Дәурен ДАРИЯБЕК

 

Хабарламаларға жазылу