Басты Жаңалықтар Бүгін коронавирусқа қарсы қайта вакциналау науқаны басталды

Бүгін коронавирусқа қарсы қайта вакциналау науқаны басталды

Бүгін халықты коронавирусқа қарсы қайта вакциналау науқаны басталды. Екпе екі кезеңмен салынады. Алдымен медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік және жабық мекеме мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері екпе алады.

Жалпы, Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар саны едәуір азайды. Алдыңғы күнмен салыстырғанда 126 жағдайға кем. Сонымен өткен тәулікте инфекцияға шалдыққан 921 адам тіркелді. Ал ел аумағында коронавируспен 964 мыңнан аса адам ауырып жатыр. 1 мың 90 адам жазылып шықты.

Вакциналау бойынша 1-компонентті 8 млн 700 мыңдай тұрғын салдырған. Екінші дозасын қабылдағандар 8 млнға жетіп қалды. Бүгінгі ахуалға сәйкес Павлодар және Солтүстік Қазақстан «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары бар. Қалғаны «жасылға» өткен.


Бөлісу