Бүгін елордада қазақ шаруаларының құрылтайы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елордада қазақ шаруаларының құрылтайы өтті

19.11.2021

Бүгін елордада қазақ шаруаларының бірінші құрылтайы өтті. Еліміздің әр өңірінде мал өсіріп отырған азаматтар осы саладағы түйіткілді мәселелерді бірігіп талқылады. Проблемаларды шешу жолдарын іздеп, өзара тәжірбие алмасты.

Құрылтайда алдымен маңғыстаулық малшылар сөз алды. Бұл өңірде соңғы 3-4 жылдан бері жазда жаңбыр, қыста қар жаумай, жем-шөп тапшылығы проблемаға айналған. Жұрт жұттан тірі қалған малын қыстан қалай алып шығарын білмей отыр.

Оңайбек Әбділов, Маңғыстау облысының тұрғыны:

Халық  күзде жаңбыр жауып, күздік шығып, мал өрісте бір жайылар деп ойлады. Ол үміттен де айырылдық. Қазіргі таңда қалған малды аман сақтап қалу керек. Қыстан шығуға халықтың мүмкіндігі жоқ. Себебі бәрі бірдей мұнайшы емес, ондай ақша жоқ. Көп халықтың жеке шаруашылық еді.

Малмен күн көретін маңғыстаулықтар аймақта төтенше жағдай жариялауды сұрайды. Жұртта жем-шөп алатын ақша жоқ дейді құрылтайға келгендер. Жалпы, бұл аймақтағы қуаңшылықтан Мәжіліс депутаттары да хабардар.

Самат Мұсабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Маңғыстау облысынан 12 азамат келген екен. Мен оларды 100 пайыз қолдаймын. Төтенше жағдай жариялай ма, жарияламаса, бүгінгі таңда беріп жатқан малдың жем-жөбіне субсидияны көтеру керек.

Мал өсіретіндерді қолдау үшін шаруаларға бюджеттен субсидия беріліп ақ жатыр. Бірақ осы демеу қаржының төңірегінде дау көп. Түскейдегі аймақтарда да қуаңшылық болып, шөп шықпай қалған. Шаруалар малдың бір бөлігін сатып, жем-шөп алуға қарсы емес. Бірақ дәл қазір сөйтсек жемқор атануымыз мүмкін дейді.

Лесбек Назиров, шаруа қожалығының басшысы:

Ертең субсидия алғаннан кейін барып малымызды санайды. Сөйтеді де бізді жемқорлыққа итереді. Субсидия алғаннан кейін 2-3 жыл ұстауың керек. Тиіспеу керек ол малға.

Мал ашуы – жан ашуы. Малмен күн көріп отырған жандар қойдың жүнін өңдеу, жылқы шарушылығын дамыту, ауыл шаруашылық саласын қаржыландыру тақырыбын да талқылады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу