Атырауда Мәуліт мерекесі тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Мәуліт мерекесі тойланды

19.11.2021

Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеште «Өнер қырандары» театрының әртістері өнер көрсетті. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Атырау облыстық өкілдігінің бастамасымен өткен шарада асыл дініміз Исламның рухани құндылықтарын, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап, жастарды отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеу жайы сөз болды. Рухани шарада аймақтың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жиналған қауымды Мәуліт айымен құттықтап, «Өнер қырандары» ұжымына алғысын айтты.

 Алтынбек Ұтысханұлы, ҚР ҚМДБ Атырау облысы бойынша бас имамы:

Әдет-ғұрпымызға, салт-дәстүрімізге қырын қарап, жат ағымға кетіп жатқан бауырларымыз бар. Оның басты себебі де осы Пайғамбарымыздың жолын танымаудан. Себебі Құранда біз сені тек мейірім шуағын шашу үшін жібердік. Демек жануардың өзіне мейірім көзімен қарау керектігін бұл аяттан білеміз. 

 «Иманғали» мешіті жанынан студия ашылды

«Иманғали» мешіті жанынан amin.kz студиясы ашылды. Заманауи студияда діни бейнебаяндар мен сұхбаттар түсірілмек. Қоғам қайраткерлері және дін мамандарымен онлайн уағыз-насихат өткізіледі. Студия6 телевидения лайық жарықпен жарақталып, арнайы безендірілген бірнеше баннер бар. Тіпті әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізуге арналған бөлігі де бар. Студия діннің насихаты жолында талмай еңбек ете береріне сенім мол. 


Хабарламаларға жазылу