Елордада «КAZAVTOJOL-КAZTRAFFIC-2021» халықаралық көрмесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «КAZAVTOJOL-КAZTRAFFIC-2021» халықаралық көрмесі басталды

18.11.2021

Елордада «КAZAVTOJOL-КAZTRAFFIC-2021» халықаралық көрмесі басталды. Шараға әлемнің 10-нан астам елінен сала үздіктері келіп қатысуда. Олар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, автомобиль жолдарының сапасын арттыру жайын айтты. Биыл ел бойынша 10 шақырымнан астам автомобиль жолы салынуда. Көрмеге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Франция, АҚШ кәсіпорындары қатысуда. Түркияның экспозициясы бөлек көрсетіледі. Көрме кезінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев ақылы жолдардың тарифіне қатысты туындаған сауалға жауап берді.

Берік Қамалиев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

Тарифтер өскен жоқ, өспейді де. Ол - жалған ақпарат. 

Ресейдің Краснояр қаласынан келген Наиль Азмухаматов ақылды бағдаршам жүйесін қолданысқа енгізуді ұсынып отыр. Жоба мүмкіндігі шектеулі адамдардың жолдан еш қорқынышсыз өтуіне ықпал етпек.

Наиль Азмухаматов, «ITS» компаниясының директоры /Ресей/:

Мүгедек адам жолдан өтуі үшін әдеттегіден көп уақыт қажет. Осы картаны қолдансаңыз, жолдан өту уақыты да 15 секундқа ұзарады. Мұндай технологияны біз бірінші болып қолданысқа енгізіп отырмыз. Нұр-Сұлтан секілді суық жерде де еш ақаусыз жұмыс істейтініне кепіл береміз. 


Хабарламаларға жазылу