Сенат үш жылдық бюджетті талқылады
Сенат алдағы 3 жылдық бюджетті талқылады. Қаржы және бюджет комитеті қазына қаржысын жұмсаудағы бірқатар түйткілдерге тоқтады. Атап айтқанда Ұлттық қор трансфертіне қатысты тұжырымын айтты. Бұл жөнінде толығырақ Сенаттың жалпы отырысына қатысқан әріптесіміз Нысаналы Ығылдан білсек. Нысан депутаттар бюджетті бекіту кезінде қандай мәселелерді ескерді?
Нысаналы Ығыл, тілші:Олар Ұлттық қорды «сауын сиырдай» көрмеу керек дейді. Ондағы қаржыны оңды-солды пайдалануға болмайды. Тек ұлттық ауқымдағы дағдарысқа қарсы, әлеуметтік және стратегиялық маңыздағы жобаларға қаражат бөлінуі тиіс. Қордың 2021-2022 жылға арналған таза түсімі жоспардағыдай емес. Себебі түсімнен гөрі жұмсалуы басым. Қорыта айтқанда қазір Ұлттық қордың қаржыны жинауға қарағанда тұрақтандыру қызметі қарқынды. Дегенмен алдағы жылға 2 трлн 400 млрд теңге бөлінбек. Ал республикалық бюджеттің 8-де 1 трлн теңгесі әлеуметтік бағытқа қаралып отыр. Жартысына жуығы халықты әлеуметтік төлем мен қамсыздандыруға жұмсалады.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ҚСЗИ: Респонденттердің 38% жаңа мектептердің салынуын айтқан
11.12.2025, 17:12
Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен медпункттер ашылды
11.12.2025, 17:09
«Алматы Су» сатып алған техникаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
11.12.2025, 17:06
Павлодарда сотты болған 10 адам білім саласында жұмыс істеген
11.12.2025, 17:03
Қазақстан мен Иран 8 құжатқа қол қойды
11.12.2025, 17:00
Қазақстан Премьер лигасы жылды қорытындылады
11.12.2025, 13:28
«Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы спорттық сайыс өткізді
11.12.2025, 13:24
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
11.12.2025, 13:21