Жамбыл облысында шаңды дауыл соғып, жолдар жабылды
Жамбыл облысында дүлей дауыл соқты. Жойқын желден облыс орталығында жарық сөніп, талдар құлап, көшеде жүру қауіпке айналды.
Нұрдос Сембеков, тілші:Қазір біз қаланың орталық көшелерінің бірінде тұрмыз. Жел түске қарай күшейе түсті. Көшелерде шаңды дауыл көтеріліп, көлік қозғалысына қиындық тудырды. Тіпті қаладағы нысандардың жартысынан көбі жарықсыз қалды, себебі кей жерлерде электр желілері үзіліп, істен шықты. Сонымен қатар, жойқын жел көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын ұшырып, ағаштар құлап, көліктер бүлінді. Дегенмен кеше кешке желдің жылдамдығы 30 м/с соғатыны туралы ескерту жарияланған. Әзірге адам шығын туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, алыс-жақын маңдағы аудандарға қатынайтын жолдар да жабылды. Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерге мүмкіндігінше үйде қалу керек екенін ескертеді. Жолдардағы қауіпсіздік үшін алыс сапарларға шықпас бұрын ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды дейді мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испаниялық танымал журнал Шымбұлақ пен Медеуді жоғары бағалаған
20.01.2026, 10:26
Мемлекеттен грант алған актер мобильді театр ашты
20.01.2026, 10:24
36 мыңнан аса талапкер ҰБТ тапсырды
20.01.2026, 10:24
СҚО-да 25 адамнан «гонконг тұмауы» анықталды
20.01.2026, 10:23
Өзбекстан билігі жазасын өтеушілерге ерекше жеңілдік жасамақ
20.01.2026, 10:22
Тегеран тұрғындары бейбіт шеруге рұқсат сұрап жатыр
20.01.2026, 10:21
Еуропаға виза алу жеңілдемек
20.01.2026, 10:21
Мерзімді әскери қызметтегі азаматтарға несие берілмеуі мүмкін
20.01.2026, 10:20