Қызылорда-Павлодар тас жолында жанармай тасыған көлік аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда-Павлодар тас жолында жанармай тасыған көлік аударылды

17.11.2021

Қызылорда-Павлодар тас жолында 38000 литр дизель отынын тиеп алған жүк көлігі аударылып қалды. Көлік жүргізушісі Береке ауылының маңында ірі қара малды қағып кеткен.

Көктайғақтың кесірінен жолдан тайған көлік бір бүйіріне аударылып, сұйық отын жерге төгілген. Жарылыстың алдын алған көлік иесі өрт сөндірушілер келгенше дереу көлікті сөндіріп, аккумулятордан айырып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.


Хабарламаларға жазылу