Көптен күткен көпір. Ақтөбе облысы Алға ауданындағы Бесқоспа ауылы тұрғындарының 50 жыл бойғы арманы орындалды. Ауыл тұрғындары ондаған жыл бойы күре жолға шығуға қиналып келген еді. Әсіресе көктем мезгілінде Елек өзені өткел бермей, қатынас үзіліп қалатын кездер де болған. Енді бұл машақаттың бәрі артта қалды. 9 метрлік жаңа көпір салынып жатыр. Оны ауылдан шыққан кәсіпкер Зұлқожа Қожаев өз қаржысына тұрғызуда.
Зұлқожа Қожаев, кәсіпкер:
Ұзындығы - 9 метр, - ені 5,40 метр, бүгінгі таңда 90 пайыздай жұмыс бітіп тұр. Көлікпен жүруге болады. Жазда үсті бетондалып, асфальт төселіп, боялады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты шамалы ғана жұмыс жүрмей жатыр.