«Қазгидромет» бүгінгі күн райы болжамын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазгидромет» бүгінгі күн райы болжамын жариялады

15.11.2021

Бүгін солтүстік-батыс циклоны Қазақстан территориясымен жылжып, еліміздің солтүстік аймақтарына қар, ал оңтүстігіне жаңбыр жауады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстікте бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстікте тұман түседі. «Қазгидромет» келтірген дерек осындай. Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Атырау, Жамбыл және Түркістан облыстарында тұман түседі. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ, солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жел секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні 25 метр болады.


Хабарламаларға жазылу